Қазақстанда ең үздік 5 ұлттық компания анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда ең тиімді жұмыс жасайтын ұлттық компаниялар анықталды. «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің қорытындысы бойынша, топ-бестіктің ішіне «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ , «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ енді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өткен жылғы көшбасшы «KEGOC» компаниясын басып озып, бірінші орынға тұрақтады.

Екінші орынды қанағат тұтқан «KEGOC» АҚ өзінің табыстылығын төмендеткен жоқ. Компания келесі жылы халықтық IPO-ға шықпақ.

Биыл мерейтойын тойлағалы отырған «Қазақтелеком» АҚ үшінші орынға тұрақтады. Өткен жылы ұлттық байланыс операторы орта буыннан көрінген еді. Компанияның биыл үздік үштікке енуі оның болашаққа құрған жоспарымен тығыз байланысты. 2014 жылы ұлттық оператор «Өрлеу» жаңғырту жобасын жүзеге асырып, нарықтағы өзінің көшбасшылық позициясын бекіте түспек.

«Тау-Кен Самұрық» компаниясы да биыл нәтижелі жұмыс көрсетті. Биыл қаңтарда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Тау-Кен Самұрық» АҚ арасында Жамбыл облысындағы Шоқпар алтын қорын барлау туралы шартқа қол қойылған болатын. 2022 жылға қарай «Тау-Кен Самұрық» АҚ еліміздегі тау-кен өндірісінің ірі компаниясына айналуға мүдделі.

Үздік бестікті өткен жылғы рейтингтің аутсайдері «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ тұйықтады.

«ҚазАтомӨндіріс» АҚ мен «Біріккен химиялық компания» АҚ үздіктер бестігінен шығып қалды. Ал, «Қазақстан Инжиниринг», «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Эйр-Астана», «СК-Фармация» тиімді компаниялар тізімінің көш соңында қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар