Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 38 мың теңгеге дейін өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13%-ға, 38 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жылдың қаңтар айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,2 мың теңгені құрады — бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,7%-ға көп. 2018 жылмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 47,4%-ға, 2013 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсті.

Анықтама үшін: 2021 жылы қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі жылына 12,7%-ға өскен кезде 33,9 мың теңгені құрады.

Өңірлік бөліністе ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары шамасы Маңғыстау облысында: 41,9 мың теңге — бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,8%-ға артық. Одан кейін елорда (41,2 мың теңге) және Алматы (39,9 мың теңге) тұр. ТОП-5 құрамына Алматы (39,5 мың тг) және Ақмола (38,6 мың тг) облыстары кірген.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.

Ер адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейі барлық жас санатындағы әйелдердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен едәуір жоғары.


Соңғы жаңалықтар