Қазақстанда ең көп сатылған көліктің орташа құны қанша

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан азаматтары 282,5 млрд теңгеге 30 754 жаңа жеңіл көлік және жеңіл коммерциялық автомобиль сатып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «ҚазАвтоӨнеркәсіпке» сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, жеңіл көліктің орташа құны 8,8 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6 пайызға өсті. Қазақстанда құрастырылған көліктер сегментінде бұл көрсеткіш орташа нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен болып, 6,6 млн теңге шамасында қалыптасты. Ал импорттық көліктердің орташа құны 10,9 млн теңге сомасында тіркелді.
«Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша сатып алушылардың үштен біріне жуығы (29,3%) 5 млн теңгеден қымбат емес автомобильдерді таңдады. 5-7 млн теңгеге бағаланып, сатылған көліктің үлесі 19 пайызды (5 840 автомобиль) құрады», - делінген хабарламада.
Көлік сатып алғандардың 13,9 пайызы (4 271 көлік) 7-10 млн теңге аралығындағы автомашиналарға таңдау жасады.
Сонымен қатар, бизнес (10-15 млн теңге) әрі премиум санаттағы (15 млн теңгеден жоғары) сегменттер жаңа көліктер нарығында сәйкесінше 26,9 пайызды (8 275 көлік) және 10,9 пайызды (3 348 көлік) қамтыды.
Ең қолжетімді жеңіл модельдер рейтингінде ұсыныстардың жартысы Қазақстандағы автоөндірушілерге тиесілі. Мәселен, бағасы төмен көліктер арасында 3,1 млн теңгеден басталатын Lada Granta көш бастап тұр.
- Арал, Қазалы, Қармақшыда – көктайғақ: көлік қозғалысы тоқтатылды
- Ақтөбеде 153 жылыту бекеті дайындалды
- 2020 жылы қандай авиамаршруттар субсидияланады
- Теміртау мен Осакаров кенті аралығындағы жол жабылды
-
11 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
-
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам