Қазақстанда ең бірінші сәулеттік қызметтер орталығы ашылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі жанына еліміздегі ең бірінші сәулеттік қызметтер орталығы ашылмақ. Бұл туралы бүгін «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жобалық кеңсе сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметіне сараптама жүргізіп, оның барысында бизнес-процестердің проблемалық мәселелері, сонымен қатар Қазақстан заңнамасының бұзылу деректері анықталды. Жоба ұсынған ұсыныстардың нәтижесі бойынша басқарманың орнын ауыстыру жоспарын ескере отырып, Қазақстанда бірінші сәулеттік қызметтер орталығын ашу мәселесі қарастырылуда»,-  деді ол бүгін медицина саласын жаңғырту мәселері жөніндегі семинар-кеңес барысында.

Оның атап өтуінше, өкілетті министрлікке нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгігізу және азаматтардың қызмет алу процестерін оңтайландыру бойынша сәйкесінше ұсыныс жіберілген.

Сонымен қатар көші-қон қызметі органдарына да сараптама жүргізіліп, нәтижесінде Көші-қон халыққа қызмет көрету орталығының қызметін жақсарту және мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіндегі жемқорлық тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар әзірленген.

«Қазіргі уақытта жобалық кеңсе білім саласына сарапама жүргізіп жатыр. Балаларды мектепке дейінгі ұйымға есепке қою және қабылдау процедураларын регламенттеу, жасырын мемлекеттік қызметтер қатары тізіліміне қосу, балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдаудың барлық кезеңдерін автоматтандыруды қарастыратын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу  мәселесі қарастырылып  жатыр», - деді Жазира Жылқышиева.

Фото: www.youtube.com

Соңғы жаңалықтар