Қазақстанда электронды сауданы қалай дамыту қажет - Amazon-ның кеңесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Amazon-ның бас менеджері Тони Ван Ден Берг Қазақстанда электронды сауда-саттықты дамыту бойынша кеңес берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен киберқауіпсіздікті қолға алу қажет. Киберқауіпсіздік болмаса, сенім болмайды. Ал сенім болмаса, электронды саудаға ешкім бет бұрмайды. Халық ондай қызметтерді пайдалануға тартынады. Меніңше, электронды сауданы дамыту үшін алдымен бұлтты теxнологияларды қолға алған жөн. Ал ашық интернет, бұлтты кеңістік қолға алынса, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет», - деді Ван Ден Берг xалықаралық сарапшылар кеңесінің отырысында.

Сарапшының айтуынша, электронды сауда-саттықты ұйымдастыру үшін ақпараттық инфрақұрылымды жасау қажет. Ол үшін тұтынушыдардың жеке мәліметтерін пайдаланады. «Дегенмен, мәліметтердің бірнеше түрі бар. Жалпыға ортақ мәліметтерді ашық пайдалануға болады. Ондай мәліметтерді Қазақстаннан тыс жерге кетсе де, ештеңе етпейді. Жартылай құпия мәліметтерді де пайдалануға мүмкіндік бар. Бірақ оны шифрге салу қажет. Бұл жерде киберқауіпсіздікті күшейту керек. Сосын құпия мәліметтер бар. Оны елдің ішінде ғана сақтау керек», - деп атап көрсетті Тони Ван Ден Берг.

Оның сөзіне қарағанда, электронды сауданы дамыту үшін кеден мен салық рәсімдерін де барынша жеңілдеткен абзал. Себебі тауарлар шекарада ұзақ тұрып қалса, тұтынушының электронды саудаға деген сенімі төмендейді.

Айта кетейік, бүгін Астана экономикалық форумы аясында Цифрландыру жөніндегі xалықаралық сарапшылар кеңесінің отырысы өтті. 

Соңғы жаңалықтар