Қазақстанда электронды сауда жасайтын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік беру ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды сауданы жолға қойған кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірақ электрондық сауда үлесінің өсуіне қарамастан бізде әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшуде тосқауыл болатын кедергілер бар. Көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақтылы жеткізе алмау сияқты проблемалар. Электрондық сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша біріншіден бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерді интернет-платформаларда ілгерлету бойынша тікелей қолдау көрсетілген

«Бүгін біз қазақстандық компанияларды Алибаба, Amazon, Яндекс, Озон, Shopify сияқты халықаралық онлайн сауда алаңдарына шығару бойынша мемлекеттер арасындағы әріптестікті пысықтап жатырмыз. Мысалы, Alibaba платформасына «Алтын жеткізуші» ретінде 50 компания іріктелді. Бұл премиум мәртебесі жаһандық аудиторияға қол жеткізуді, маркетингтің ішінде кешенді ілгерлету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, пандемия жағдайында жедел қарқынмен дамып жатқан қазақстандық сандық сауда алаңдарын қолдауға бағытталған шаралар қабылдануда. Бүгін де нарықта 13 платформа жұмыс істейді. Kaspi, chocofamily, technodom, mechta және маркетингтік өнімдер мен қызметтердің 20 санатына ие тағы да басқа платфомалар. Мысалы, ұлттық көшбасшы kaspi дүкен тапсырыстарының сомасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті», - деді ол.

Бақыт Сұлтанов электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында одан түскен кірістер жылдық жиынтық табыстың кемінде 40%-ын құраған жағдайда салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдауды сұрады.

«Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелерін пысықтау, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту талап етіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар