+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қазақстанда электронды денсаулық паспорты іске қосылды

2019 жылғы 15 қазан 13:38
Бөлісіңіз:
Қазақстанда электронды денсаулық паспорты іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық құжаттаманы қағазсыз цифрлық жүйеге көшіру аясында денсаулық сақтау ұйымдарында пациент туралы ақпаратты жинау, сақтау және алмасу үшін электронды паспортты енгізді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Электронды денсаулық паспортындағы мәліметтер қалай қорғалады

«Электронды денсаулық паспортының негізгі мақсаты - медицина саласындағы бүкіл мәліметті жинақтау, талқылау және ары қарай қандай шешім қабылдау керектігіне көмектесу»,- дейді вице-министр.

Оның айтуынша, 2018-2019 жылдар аралығында медициналық ұйымдарда 600-ден астам қағаз түріндегі есептік-тіркеу жүргізілген.

«Еліміздегі азаматтар емхана немесе медициналық ұйымдарға барған кезде бұл мәліметтер электронды денсаулық паспортына жазылады. Осылайша сіз Электронды үкімет порталы немесе мобильді қосымша арқылы қай емханаға тіркелгеніңізді, сізді қай дәрігер емдейтінін, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында қандай дәріні тегін алатыныңызды, сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін басқа да медициналық қызмет түрі туралы біле аласыз»,- дейді Олжас Әбішев.

Вице-министр цифрландырудың арқасында медицина саласындағы заңбұзушылықтар анықталғанын айтты.

«Өткен жылы біз 100 мың адамға тегін дәрі-дәрмек берілгені тіралы СМС-хабарлама жіберіп, 8 мың адамнан тегін дәрі-дәрмек алмағаны туралы жауап алдық. Осындай алаяқтық әрекеттер цифрландыру арқылы анықталды», - дейді ол.

Автор: Зарина Қаһарман

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT