Қазақстанда электромобильдерге сұраныс жоқ - «Қазавтоөндіріс» басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда электромобильдерге сұраныс болмай отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазавтоөндіріс» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселеге қатысты мен екі ғана көрсеткішті келтірейін. Осы жылдың басынан бері Қазақстанда 4 электромобиль ғана тіркелді. Ал өткен жылдың дәл осындай кезеңінде алты электр көлігі ғана құрастырылған болатын. Міне, туындаған сұраққа берілетін жауап та осы. Автоөндірушілер нарықта ұсынатын баға бойынша көліктің бұл санатына деген сұраныс жоқ десе де болады. Сұраныс болмағаннан кейін оны өндіру жағынан қажеттілік те туындамайды. Бұл ретте біз аталмыш көліктерді құрайтындай инфрақұрылым жоқ дей алмаймыз. «РОП» операторы зарядты инфрақұрылымды дамытуға барынша күш салуда. Алайда көпшілік күтіп, электр көліктерді құрау инфрақұрылымы пайда болғанымен, бұл қадам сұраныс жағынан ешқандай оң динамика көрсете алмады», - дейді Олег Алферов.

Еске сала кетсек, Қазақстанда электромобильдерге деген сұраныстың жоқтығы екі жыл бұрын да хабарланған болатын.

«Қазақстандық автокөлік өндірушілер Өскемен және Қостанай қалаларында 2014 жылдан бері электромобильдер шығаруды қолға алған. Әлбетте, бұл көлігі дәстүрлі көлік өндіру саласын алмастырудың жалғыз жолы емес, сутегі отыны арқылы жүретін көліктерге әлемдік елдер маңыз беріп келеді. Бірақ, бүгінгі қазақстандық нарыққа тұрмыстық розетка арқылы қосылатын гибридті автокөліктер қызықты. Бұл автокөліктердің бағасы электромобильдерден гөрі әлдеқалай арзанырақ. Бізге қазақстандық автоөндірушілер өз кәсіпорындарында гибридті автокөліктерді өндіруге қызығушылық танытып жатқанын хабарлады», - деген еді екі жыл бұрын Олег Алферов.

Соңғы жаңалықтар