Қазақстанда электромобильдерге сұраныс бар ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның автокөлік кәсіпорындарының одағы электромобильдер нарығын дамытуға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Одақ басшысы Олег Алферовтің айтуынша, әзірше осы санаттағы көліктерге сұраныс тым аз. Мәселен, соңғы алты айдың ішінде Қазақстанда тек 34 электромобиль ғана сатылды. Ондай көліктердің аз мөлшерде сатылып жатқанына бірнеше себеп бар. Негізгі мәселе - қуат көздері. Ал арзан қуат көздерін әлі ойлап таппаған. Аккумулятор баттареялары да арзан емес. Оған қоса, электромобильдерге арналған батареялар өз жерімізде жасалмайды. Сол себепті осы санаттағы көліктер қымбат.

«Қазақстан үшін гибридті көліктерді шығарған тиімді. Мәселен, «бензин+электр қуаты» және «бензин+газ». Қазақстанда газ көп. Сондықтан газбен жүретін көліктерді арттыруға әбден болады. Оған қоса, отандық кәсіпорындар бір уақытта бензинмен де, газбен де жүретін модельдерді ұсына алады. Ондай көліктермен жүрген арзан әрі тиімді», - деді О.Алферов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, одақ басшысы мемлекеттік органдардың шетелдік көліктерді сатып алуға қатысты нақты статистиканы жариялады. Оған сәйкес, өткен жылы бірінші жартыжылдықта 375 шетелдік көлік сатып алынған болатын. Соның бәріне 4 млрд теңге жұмсалды. Биыл алты айда мемлекеттік органдарға тек 92 көлік қана шетелден жеткізілді. Оған 677 млн теңге кетті. Бұдан бөлек, ол жыл басынан бері сатып алынған ең қымбат қызметтік көліктің бағасын жариялады. 

Соңғы жаңалықтар