Қазақстанда электр самокаттарды пайдаланудың бірыңғай ережесі әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электросамокат пайдаланудың бірыңғай ережелері әзірленбек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Жол қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары Арман Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда нормативтік актілерде электр самокаттар көлік құралының қандай да бір типіне жіктелмеген. Яғни, қолдану ерекшелігі мен техникалық айырмашылықтарына қарай мопедке жата ма, әлде скутерге жата ма, нақты жіктеу жоқ.

Оның үстіне заңнамада бұл көлік құралдарына қойылатын талаптардың болмауы олардың нарықта сатылу және қолдану ережелерін, қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптары мен сол талапқа сәйкестігін бағалау тетіктерін, маркілеудің бірыңғай талаптарын техникалық реттеуге мүмкіндік бермейді», - деді Арман Айтыбеков.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда электросамокаттарға қолданылатын стандарттар әзірленіп жатыр.

«Бүгінде Үкіметтің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Сауда және интеграция министрлігі көліктің осы типіне стандарттар әзірлеп жатыр. Бұл көлік құралы ма, әлде құрылғысы ма. Осыны түсініп алуымыз керек. Бірқатар себепке байланысты оларды көлік құралына жатқыза алмаймыз. Өйткені тежеуіші жүйесі, бұрылыс шамдары мен жарық шамдары жоқ деген сияқты. Стандарт дайын болған соң типтік ережелер жасаймыз. Осылайша оларға бірыңғай ережелер қолдана аламыз», - деді ІІМ өкілі.

ІІМ дерегі бойынша, былтыр мопедтер мен самокат тепкен 68 адам жарақат алған.


Соңғы жаңалықтар