+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Қазақстанда электр самокат пайдалану ережесі әзірленеді

2020 жылғы 7 қазан 15:46
Бөлісіңіз:
Қазақстанда электр самокат пайдалану ережесі әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электр самокат пайдалану ережесі әзірленеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта депутаттар «Жол жүрісі саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына бастамашалық жасағандығын хабарлағым келеді. Онда самокаттар, электр самокаттары мен скутерлерді пайдалану бойынша түзетулер, өзгертулер және қосымшалар енгізу көзделген. Оның ішінде аталған қозғалыс құралын пайдаланатын тұлғалардың құқықтарымен қатар міндеттері де регламенттелетін болады. Толық ақпарат алу үшін аталған заң жобасын бастамашыларға, әзірлеушілерге жүгінген жөн», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Аталған баспасөз мәслихаты барысында ол елімізде 2020 жылдың 9 айында 8 933 жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 1 265 адам қаза тапқанын, 11 780 адам жарақат алғанын айтқан еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT