Қазақстанда электр энергиясының тарифі қайта қаралады - Бозымбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі мен осы салаға мүдделі өзге де органдар электр энергиясына қатысты тарифті қайта қарастырмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Электр энергиясының тарифін төмендету туралы... Министрлік қазіргі уақытта ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен өзге де мүдделі министрліктің, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысумыен вежомствоаралық жұмыс тобын құрып жатыр. Жұмыс тобын құрудағы мақсат - электр энергиясының жеке тарифтерін қайта қарау», - деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасын арзандатуды тапсырған болатын.

«Өңірлер арасында тарифтердің айырмашылығы ретке келтіріліп, тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасы төмендетілуі керек», - деген болатын Президент.

Соңғы жаңалықтар