Қазақстанда электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері қайта қаралды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері қайта қаралғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шекті тариф жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында станция персоналының жалақы деңгейін тиісті өңірлер бойынша орташа көрсеткішке дейін жеткізуді ескереді. Осы орайда Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді. Энергия өндіруші 47 ұйымның 26-сынан өтінім тапсырылды. Оларды қарау кезінде министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Дер кезінде шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды», - деді Ж.Нұрмағанбетов.

Бұйрық жобасы 2022 жылғы 9 маусымда Ашық НҚА сайтында жарияланды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Энергетика министрлігінде аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен талқылау жүргізілді. Бұйрық жобасы қоғамдық кеңесте қаралып, Ашық НҚА порталының электрондық алаңында талқыланды.

«Тарифтерді түзету биылғы 30 маусымда «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Энергетика министрінің бұйрығымен жүргізілді. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілді. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 10-12 пайыз деңгейінде ескерілген», - деді вице-министр.

Бұл ретте, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа Қазақстанның барлық өңірлері бойынша электр энергиясын өткізетін Екібастұз

ГРЭС-1-нің шекті тарифі өзгеріссіз қалды.

«47 энергия өндіруші ұйымның 21-інде тариф бұрынғы деңгейде сақталды. Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау энергия өндіруші ұйымдардың өндірістік персоналының жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ энергетика сласының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Жандос Нұрмағанбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы ескірген активтерді жаңарту керек екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар