Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 7,6 процентке өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 2018 жылдың қаңтар-мамырында 46,651 млрд кВ/С құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,6 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

Аталған мерзімде 44,937 млн Гкал көлемінде жылу энергиясы өндірілді (өндірілген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6 процентке көп), сумен қамту көлемі 1,087 текше метрді құрады (-3,2 процент).

Соңғы жаңалықтар