Қазақстанда электр энергиясын өндіру 5,4 пайызға артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 79,058 млрд киловатт сағатты құрады. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Есепті кезеңде 57,316 млн гигакалория жылу энергиясы өндірілген (өндіріс өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға өсті). Сумен жабдықтау бойынша қызмет көрсету көлемі 2,084 млрд текше метрді құрады (-1,4%).

Соңғы жаңалықтар