+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қазақстанда электр энергиясын аумақтық сату жүйесі енгізілмек

2020 жылғы 11 наурыз 12:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда электр энергиясын аумақтық сату жүйесі енгізілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырудың басым құқығы берілмек. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электр энергетикасы және табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттiк реттеу электр энергиясын тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен электр энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Бүгінгі күні электр энергиясының соңғы тарифі оны өндіруге (55%), тасымалдауға (40%) кеткен шығындардан және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың үстемеақыларынан (5%) тұрады», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің дерегінше, мұнан бөлек энергиямен жабдықтаушы ұйым бағасының құрылымы электр энергиясын өндіру көзіне және оны жүйелік оператордың желілері бойынша беруге байланысты ерекшеленуі мүмкін.

«Сонымен қатар соңғы тұтынушы үшін тарифтің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын жетілдіру жұмысы аясында энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырудың басым құқығын беру мәселесі қаралып жатыр. Мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен көрсетілген ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылғы мамыр айында қосымша ақпарат жібереді», - деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, Сенат депутаттары Үкімет басшысының атына жолдаған сауалдарында электр энергиясын аумақтық сатуды ұсынған болатын.

«Жергілікті жерде тұратын халықты арзан электр қуатымен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында - тиісті энергиямен жабдықтаушы мекемелер - электр энергиясын жергілікті энергия көздерінен сатып алуын заңнамалық жағынан негіздеуді ұсынамыз. Сонда ғана, электр энергиясының тарифін тұтынушы халық үшін айтарлықтай төмендетуге болады»,- деп атап өткен сенаторлар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT