Қазақстанда электр энергиясы тарифі қымбаттайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті электр энергиясы тарифінің қымбаттауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергетика саласындағы өкілетті органдар (Энергетика министрлігі) айтқандай, станциялар бойынша тариф шамамен 15% көтерілді. 44 станцияның 32-сі бойынша тариф көтерілді. Бұл соңғы тұтынушылық бағаға аздап әсер етеді», - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, электр энергиясы тарифі 6-7% көтеріледі деп күтілуде.

«Нәтижесінде тұтынушылар үшін баға шамамен 6-7% қымбаттайды. Одан артық қымбаттамайды. Мұндағы субъектілердің көпшілігі тарифті көтеру жұмыстарын келесі жылы бастайды. Онда әрбір субъектінің тарифтерін тексеріп шығамыз», - деді А. Дарбаев.

Оның айтуынша, электр энергиясының жаңа тарифтік мөлшерлемесі 2021 жылдан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар