Қазақстанда «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Халық» қоры «Ел тірегі – Елбасы» атты акцияны бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жыл Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Әз-Наурыз мерекесінде «Халық» қоры азаматтық белсенділік танытып, «Ел тірегі – Елбасы» атты ірі науқанын қолға алды. Қор COVID-19 пандемиясының және карантин салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын сатып алды.

«Халық» қайырымдылық қоры 15 мыңнан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Әр себетте салмағы 50 келіден асатын азық-түлік бар. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр.

Пандемияның алғашқы күнінен бастап, бұл ел басына түкен сынақ екені белгілі. Осындай қиын-қыстау шақта ынтымақ пен бірліктің озық үлгісін көрсетіп, бір-бірімізге жанашыр боулымыз керек.

«Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдеріне «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдауға шақырады. Мұндай акция 2021 жылда бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарланып отыр», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар