Қазақстанда экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары енгізіледі. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын ілгерілету жөніндегі жол картасы әзірленді. Ішкі және сыртқы кедергілерге баса мән беріледі. Оларды жою біздің экспорттаушыларымыз сыртқы нарықтарға шығу барысында тап болып отырған теріс факторларды қысқартуға мүмкіндік жасайды», - деді вице-министр ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, қабылданған шаралар 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлеміндегі ұлттық индикаторды 38 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Бұған қоса, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында министрлік мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізу бойынша жұмыстарды бастап кетті. Бұл – компанияларды жетілдіру тетігі. Бұл шара бастапқы кезеңде шағын және орта бизнестің экспортқа бағдарланған, әлеуетті, өнімділігі жоғары субъектілерін анықтауға, оларды экспортқа шығуға одан ары сүйемелдеуге мүмкіндік береді», - деді Азамат Асқарұлы.



Соңғы жаңалықтар