Қазақстанда экспорттаушыларды қолдаудың жаңа үлгісі әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда экспорттаушыларды қолдаудың жаңа моделі әзірленеді. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық өнімді өткізу нарығын кеңейту үшін Орталық Азия, Ресей және Қытай нарықтары басым бағыттар ретінде айқындалған. Бүгінгі күні «бір терезе» қағидаты арқылы экспорттаушыларды қолдаудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Бұл ретте біз кәсіпкерлер палатасымен, холдингтермен, даму институттарымен бірге экспорттаушыларымызды сервистік қолдаудың жаңа тәсілдерін жасайтын боламыз. Қазіргі уақытта бұл мәселенің өзектілігі өте ауқымды. Экспорттаушылар үшін «бір терезе» жоқ, кеңінен қолдаудан да ада», - деді министр ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов Еуразиялық одақтың аясында министрлік өзекті мәселелер мен стратегиялық бағыттар әзірлеп, ЕАЭО-дағы әріптес елдердің нарықтарында қазақстандық тауарларды ілгерілетуге бөгет жасайтын кедергілерді жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

«Біз халықаралық аренада Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық келіссөздеріне, соның ішінде Қазақстан үшін келешекте пайдалы болатын бағыттарына белсенді қатысуға ниеттіміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар