Қазақстанда экспортталатын тауарлар бағасы 13,3% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда экспортталатын тауарлар бағасы 2018 жылдың тамызында оның алдындағы аймен салыстырғанда - 3,5%, 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 13,3% артты. Импортталатын тауарларға сәйкесінше 1,3% және 4,5% жоғары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға - 19,8%, марганец кендеріне - 19,5%, мыс кендеріне - 17,6%, мысқа - 14,9%, табиғи газға - 13,6%, ферроқорытпаларға - 12,8%, темір кендеріне - 10,7%, қара металл прокатына - 10%, көмірге - 8,5%, алюминийге 8,2% жоғарылады. Мырышқа керісінше, 11,1% төмендеді.

Сондай-ақ бағаның арпаға - 14,8%, мақтаға - 6,5%, бидайға 6,1%  жоғарылағаны тіркелді. Жүннің құны 6% арзандаған.

Импортталатын өнімдерден жеміс және жаңғақтар - 58,7%, құс еті - 19,7%, балық - 12,3%, шай - 8,5%, қант 2,2% қымбаттады. Ал какао - 6,6%, маргарин - 3%, өсімдік майы - 2,3%, макарон өнімдері - 2,2%, кофе 1,5% арзандай түскен.

Аяқ киімдер - 25,2%, қағаз - 13,8%, пластмасса - 8,8%, тоқыма бұйымдары 7,6% қымбатқа сатыла бастады.

Соңғы жаңалықтар