Қазақстанда екпеден жиі бас тартатын үш өңір аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин екпеден бас тарту жағдайы көп кездесетін үш өңірді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинадан бас тарту - тек Қазақстандағы емес, әлемдік проблема. Қазіргі уақытта сараптап отырсақ, дәріханаларда кезек қыс кезінде көбейіп кетеді де, жазғы уақытта дәріханалар бос тұрады. Сол себепті, осы дәрі-дәрмектерді сататын компаниялар әрине, ең үлкен үлесті, қаражатты - дәл осы қыста, вакцинациямен басқарылатын аурулар өршіген кезде жинайды. Мысалы, тұмауды біз вакцинациялаумен басқаруымыз мүмкін. Вакцинация жүргізілсе, тұмауды алдын алуға болады. Қызылшаға қарсы екпеден өтсек, ол сырқат та азаяды. Сататын дәрі-дәрмектер де сау адамға қажеті болмай қалады», - дейді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 26 млрд теңгеге вакциналар сатылып алынады.

«Ал еліміздегі айналымда болып жатқан дәрі-дәрмектің көлемі - 600-800 млрд теңгеге дейін барады. Біз көптеген ауруларды байқаймыз: атит, синусит, бронхит - созылмалы ауруларға айналып кетеді. Олардың көбі осы инфекциялармен басқарылатын аурулардың асқынуы ғой. Ертең біз вакцинациядан өтсек, асқынулар болмайды. Яғни, дәрі-дәрмекті пайдалану мөлшері төмендейді. Осындай қорытынды жасауға болады. Сол себепті, баршаңызды вакцинацияға шақырамыз. Мысалы, біреу келіп, тұмаудан қатты ауырғанын, жаны қиналғаннан кейін жыл сайын вакцинациядан өтетінін айтады. Ел ішінде бұл ретте көптің көзқарасы өзгеріп келе жатқанын атап өту керек», - дейді ол.

Бекшиннің айтуынша, вакциналарға қатысты қоғамдық пікірге көбіне адам топтары, интернеттегі немесе баспасөздегі вакцинацияның қажеттілігі және оның қаншалықты қауіпсіз екені туралы сұрақ қойылатын жарияланымдар әсер етеді.

«Бұдан басқа, барлық елдерде осал және қол жеткізуі қиын егілмеген адам топтары бар. Олар кейін инфекциялық аурулардың өршуін тудырады. Этикалық және діни себептер бойынша иммундаудан бас тартатын адамдар бар. Осы топтардың барлығы аурулардан қорғалмаған. 2018 жылы республикада профилактикалық егулерден бас тартудың 5750 жағдайы тіркелді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл жеке сенімі бойынша бас тартудың басым екенін атап өту қажет», - дейді Бекшин.

Оның айтуынша, вакцинадан бас тарту жағдайы бойынша Атырау, БҚО мен Ақтөбе облысында алдыңғы қатарда тұр.

«Ол өңірлерде діни сенімі бойынша вакцинадан бас тартып жатады. Осыған байланысты халықпен медициналық бағыттағы жұмыстарды күшейтуге тырысудамыз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар