Қазақстанда екпе салдырғандар 9,5 млн-нан асты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 518 293 адам, екінші компонентін 9 297 204 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссия 17 маусымда Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 212 587 адам, екінші дозасын 1 107 963 адам салдырғанын мәлімдеді. Оның ішінде бірінші компонентпен жасөспірімдер – 864 200-і, жүкті әйелдердің – 40 979-ы, бала емізетін әйелдердің 144 500-і қамтылған. Екінші компанентін жасөспірімдердің – 826 156-сы, жүкті әйелдердің – 37 184-і, бала емізетін әйелдердің – 134 652-сі алған.


Соңғы жаңалықтар