Қазақстанда экологиялық жүйелерді сақтауға қатысты сайт ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 маусым күні атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған орта күнінің қарсаңында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (ҚР АШМ) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жаһандық экологиялық қордың (GEF) қаржылай қолдауымен экологиялық жүйелерді сақтау және пайдалану саласында бірегей Ғаламтор-ресурсты іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экожүйелерді сақтау және орнықты пайдалану саласындағы сынама жобалар» ғаламтор-ресурсы Қазақстандағы БҰҰ ДБ және ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Эко-Даму» Шағын несиелендіру бағдарламасы тарапынан жүзеге асырылатын биологиялық сан-алуандылықты сақтау, жаңғыртылмалы қуат көздерін және «жасыл технологияларды» енгізу, әрі орман шаруашылығын орнықты басқару бойынша барлық сынама жобалар туралы ақпаратты қамтиды. 

Қазіргі таңда порталда Қазақстанның төрт өңірі бойынша 123 жоба туралы мәлімет бар: 1) Алматы облысы 43 жоба арқылы ұсынылған; 2) Қызылорда облысы - 54 жоба; 3) Маңғыстау облысы - 26 жоба; 4) Шығыс Қазақстан облысы - 1 жоба.

Ауыл шаруашылығы, атап айтқанда - топырақтың тозуын қысқарту, отарлы мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы бойынша жобалар туралы мәліметтер кеңінен келтірілген. Қазақстанда енді дамып келе жатқан туризм бағыты ретіндегі экологиялық туризм туралы ақпарат ерекше қызығушылық тудырады. Порталдағы ақпарат ұдайы жаңартылып отырады.

Портал БҰҰ ДБ қолдау білдіретін және GEF пен ҚР Үкіметі қаржыландыратын «Қорғалатын аумақтар ішінде және олардың айналасында биологиялық сан-алуандылықпен үйлесімді тіршілікті қамтамасыз ету көздерін ілгері бастыру арқылы шөлді экожүйелердегі қорғалатын аумақтар жүйесінің орнықтылығын арттыру» жобасы аясында ашылған.

Портал қызығушылық танытқан қолданушыларға орнықты ауыл және орман шаруашылығын жүргізу, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңында орнықты қызмет-қарекет түрлерін дамыту салаларындағы жүзеге асырылған және асырылып жатқан сынама жобалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан ландшафт кешендерінің бірегей жинағына ие: шөлден бастап биік таулы аймақтарға және ішкі теңіз экожүйелеріне дейін. Қуаң жерлер ел аумағының 75 пайыздан астамын алып тұр. Осындай өте сирек кездесетін үйлесімнің арқасында Қазақстанға экожүйелердің және олардың құрамдас бөліктерінің биологиялық сан-алуандылығы деңгейі жоғары болуы тән.

Сонымен қатар, Қазақстандағы табиғи тепе-теңдік қоршаған ортаның азып-тозуы салдарынан ұқыпсыз шаруашылық жүргізуден аяусыз бұзылды. Республикадағы аса маңызды экологиялық мәселе шөлейттену болып табылады. Шөлейттену және тозу үдерістеріне республика аумағының шамамен 70 пайызы шалдыққыш келеді. Антропогендік (адами) қарекеттердің тегеурінімен көптеген жануарлар түрлерінің саны азая бастады және олардың мекендейтін аймақтары тарыла бастады. БҰҰ ДБ Қазақстандағы серіктестерімен бірге елдегі биологиялық сан-алуандылықты сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар