USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстанда экологиялық проблемаларды шешу үшін 17 жол картасы әзірленді

2020 жылғы 24 қараша 09:48
Бөлісіңіз:
Қазақстанда экологиялық проблемаларды шешу үшін 17 жол картасы әзірленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет мүшелеріне өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астаналық архитектор LRT-ның орнына жерүсті саябақ тұрғызуды ұсынды Экология мәселелеріне арналған жол карталарының нәтижесі қандай Экология министрлігінің ұжымы «Қазақстан халқына» қорына 1 күндік жалақысын аударады

Министр жаңа Экологиялық кодекстің Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда қабылданғанын еске салды.

Оның айтуынша, жаңа кодекс қоршаған ортаға келетін зиянды едәуір төмендетуге бағытталған.

«Әйтсе де, жаңа Экологиялық кодексті күтпей «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын барлық өңірдегі жұртшылықпен, әсіресе экобелсенділермен бірге қарастырдық. Барлығы 17 онлайн кездесу өткізілді. 25 мыңға жуық адам қатысты. Талқылау нәтижесі бойынша жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, 17 жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарда өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты шаралар қарастырылған», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр бұл тұрғыда негізгі экологиялық проблемаларды атады.

Бұл - атмосфералық ауа мен жер бетіндегі судың ластануы, қалдықтармен байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі, сондай-ақ ежелден ластанған жерлер мен көгалдандырудың жетіспеушілігі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT