Қазақстанда экологиялық проблемалар картасы жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы экологиялық мәселелерді жіті бақылауға алуға мүдделі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйым басшысының орынбасары Елдос Абақановтың айтуынша, Қазақстанның Экологиялық кодексінде қоғамдық бақылау шаралары қарастырылған. Алайда бүгінде аталған шаралар атқарылмайды.

«Кодекстің 15-бөлімінде қоғамдық-экологиялық бақылау құралы бар. Бірақ бұл жұмыс істемей отыр. Сол себепті біз қауымдастықтың негізінде экологиялық бақылау институтын құрғымыз келіп отыр. Институт болғанда арнайы оқу орны емес, бақылау құралы ретінде. Осыған орай, осы жылдың ішінде біз бірқатар аймақтарға барып, сол жерде экологиялық-қоғамдық бақылау жасағымыз келіп отыр. Соның ішінде Атырау және тағы басқа аймақтар бар. Экологиялық мәселелер қай аймақта өзекті болып тұр, сол жерлерді аралаймыз. Бұдан бөлек, биыл экологиялық проблемалардың дискартасын жасаймыз. Осы жылға осындай жоспарымыз бар», - деді Е.Абақанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, бизнестің экологиялық жауапкершілігіне арналған рейтингті әзірлеу кезінде кәсіпорындардың көбісі бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

«Рейтингтің негізінде біз қай кәсіпорындар қоғаммен жұмыс істеуге дайын екенін көріп отырмыз. Одан бөлек, қай аймақтарда экологияны қаржыландыру арқылы және тағы басқа жұмыстар арқылы жақсартуға болатынын білеміз. Осы жұмысты ары қарай жалғастырмыз», - деп атап көрсетті Е.Абақанов.

Айта кетейік, өткен жылы Экологиялық кодекстің тұжырымдамасын әзірлеу аясында бизнестің экологиялық жауапкершілігі мен аймақтардың экологиялық тиімділігіне арналған рейтингтерді жасау мәселесі көтерілген болатын.

Осыған орай, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Интерфакс-ЭРА агенттігі мен Халықаралық жасыл теxнологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бірлесіп жұмыс істеуге кірісті. Осы жолғы рейтингке 200-ден астам қазақстандық компания қатысты. Бұдан бөлек, еліміздің 20 ірі компаниясы Ресейдің ТОП-150 рейтингісіне енді.

Соңғы жаңалықтар