Қазақстанда екі жылдан бері автокөлікпен жолаушы тасымалдау азайып келеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында елде автомобиль және қалалық электр көлігімен 6,6 млрд адам тасымалданды — бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 17,1% аз. «Коронадағдарысты» 2020 жылы көрсеткіш 8 млрд адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе жолаушылардың басым бөлігі Алматыға тасымалданды: 1,8 млрд адам немесе ҚР-дағы жалпы көрсеткіштің 27,8%. Алдағы үштікке Қостанай және Павлодар облыстары да кірді. Ең аз жолаушы Маңғыстау облысына жеткізілді.

2021 жылдың он бір айында Қазақстандағы барлық жолаушылар тасымалының үштен екісі автобуспен тасымалданған: 4,4 млрд адам - бір жыл бұрынғыға қарағанда 21,1% аз. Қазақстандықтар арасында такси қызметі де кеңінен қолданылады: 2,2 млрд адам, бір жылда минус 8,5%.

Трамвай қызметін 25,5 млн адам, троллейбусты 24,8 млн адам пайдаланған.

3 млрд тонна жүк пен багаж тасымалданды — бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,4% кем. Жүк айналымы 2%, 141,8 млрд тоннакилометрге дейін қысқарды.

2021 жылғы қаңтар–қарашада кәсіпорын кірістері бір жылда 23,9%, 275,1 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде жүк тасымалдаудан түскен табыс 190,7 млрд теңгені, жолаушылар тасымалдаудан түскен кіріс — 84,4 млрд теңгені құрады.

Автобуспен тасымалдаудан түскен табыс 74,2 млрд теңгені, такси қызметінен - 3,9 млрд теңгені, трамвайдан - 1,6 млрд теңгені, троллейбустан - 1,5 млрд теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар