Қазақстанда екі жер сілкінісі тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 17 желтоқсан күні екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші жер сілкінісі Алматы уақытымен 18 сағат 06 минут 19 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 473 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10,6. MPV тербелісі – 4,5. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.

Екінші жер сілкінісі Алматы уақытымен 19 сағат 17 минут 09 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10,4. MPV тербелісі – 4,2. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.

Соңғы жаңалықтар