Қазақстанда екі мегаполис пен 13 облыс «жасыл» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта бір де бір өңір жоқ.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан.

«Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.


Соңғы жаңалықтар