+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстанда астық жинау науқаны аяқталып келеді

2021 жылғы 28 қыркүйек 15:14
Бөлісіңіз:
Қазақстанда астық жинау науқаны аяқталып келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің негізгі астық егу аймақтарында астық жинау науқаны аяқталуға жақын. «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы фермерлерге көрсететін қолдаудың тиімділігін бағалау үшін Ақмола облысы шаруашылықтарының біріне баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Камышенка» ЖШС «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола облысы филиалымен 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. «ҚазАгроҚаржы» филиалында қызмет көрсету кезеңінде машина-трактор паркін жаңарту мақсатында 930 миллион теңгеге техника сатып алынды.

2021 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен жемшөп жинау комбайнын сатып алуға 262,2 миллион теңге сомасына қаржы лизингі шарты жасалды.

Бұл биылғы экстремалды қуаңшылық және жемшөп тапшылығы жағдайында өзекті болды.

«Камышенка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылы құрылды.

«Камышенка» ЖШС қызметінің негізгі бағыты – өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату.


Егістіктің жалпы ауданы - 18 622 га (оның 12 мың гектары егіледі).

Негізгі өсірілетін дақылдар дәнді және азықтық дақылдар (азықтық жүгері, кептірілген бұршақ, масақтылар қоспасы).

Мал шаруашылығы 600 бас аналық малдан тұратын сүт бағытында ұсынылған, шаруашылықтағы жалпы мал басы – 1500 бас ІҚМ.

Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша облыстағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы ауданы 4 миллион 530 мың гектарды құрайды.


2021 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 4 миллион 338 мың гектар немесе 95,7 пайызы жиналды.

Облыстың Астрахан ауданында алаңның 86% жиналды.

2021 жылғы 21 қыркүйектегі жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на елдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 161,9 миллиард теңге сомасына өтінім келіп түсті.

Оның ішінде 124 миллиард теңге сомасына 6 477 техника қаржыландырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT