Қазақстанда егіс суының тарифі қайта қаралуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында суармалы су тарифін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Суармалы суды тиімді бөлу керек. Әкімдіктер суды тым көп қажет ететін дақыл алқаптарын қысқарту үшін фермерлер арасында үнемі түсіндіру жұмысын жүргізуге тиіс. Суармалы суға тарифті қайта қарап, оны барынша ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету аса маңызды», - деді Премьер-Министр.

Оның сөзінше, бұл істе көп нәрсе жергілікі каналдар мен су қоймаларын басқарып отырған адамдардың жауапкершілігіне байланысты.

«Каналдар мен су қоймаларының меншік иелері өз міндеттерін нақты орындайтын болса, жөндеу жұмыстарына және су ресурстарын басқаруды жетілдіруге мемлекеттік қолдау шараларымен ынталандыру маңызды», - деді Әлихан Смайылов.

Аталған Үкімет отырысында елдегі егін суаруға кететін судың 97 пайызын оңтүстіктегі 4 өңір тұтынып отырғаны айтылды.


Соңғы жаңалықтар