Қазақстанда егде жастағы адамдарға арналған университет бар
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, институтта «Күміс университет» жобасы іске асырылуда.
Бүгінде мұнда зейнет жасына дейінгі және зейнет жасындағы 50-ден астам студент білім алады. Егде жастағы адамдарда аптасына бір рет компьютерлік сауаттылық, пішу және тігін, бейнелеу өнері және йога курстарына тегін қатысу мүмкіндігі бар. Университет оқытушылары оларға салауатты өмір салты, психология және басқа да қызықты тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Бақытжамал Ғабдулхаева «Өз денсаулығың өз қолыңда» тақырыбында дәрістер оқиды. Ол жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайтуға көмектесетін салауатты өмір салтының негізгі ережелері туралы айтады.
Егде жастағы адамдар тек лекцияларға ғана емес, сонымен қатар семинарларға, шеберлік сабақтарына белсенді қатысады, олар әртүрлі әлеуметтік-мәдени тақырыптарға үлкен қызығушылық танытады. «Күміс университеттің» студенттері оқу жылының соңына дейін сабаққа қатысады. Соңында барлығына сертификат беріледі.
Фото: facebook.com/gylym.jogarybilim