Қазақстанда дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, тек елдің оңтүстігінде ғана күн ашық болады.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, Алматы облысында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, арты шаңды дауылға ұласады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Павлодар, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында ерекше қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысы мен Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар