Қазақстанда доллардың үлесі азайып келеді -Ұлттық банк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Қазақстанның алтын-валюта қорының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы бес айда алдын ала мәліметтер бойыша Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 1,4 пайызға өсті. Халықаралық резервтер Ұлттық қор активтерін қоса есептегенде 90,4 млрд АҚШ долларын құрады», - деді А. Ахметов.

Сонымен қатар ол елімізде долларсыздану процесі жалғасып келе жатқанын атап өтті.

«Ұлттық валютадағы депозиттер қаңтар-сәуірде 2,3 пайызға немесе 9,4 трлн теңгеге дейін өсті. Ал шетел валютасында 8 пайызға, яғни 7,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. Жыл басынан бері шетел валютасындағы салымдар 47-ден 45 пайызға дейін азайды», - деді ҰБ өкілі.

Соңғы жаңалықтар