Қазақстанда доллар 476-481 теңге аралығында саудаланып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476-480 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476 – 480 теңгеден сатылуда.

Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 481 теңге аралығында құбылып тұр.

29 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге арзандап, 477, 07 теңге болған.

Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 09 теңге.


Соңғы жаңалықтар