Установить для Android
×
+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Қазақстанда докторантураға қабылдау электрондық форматта болады

2021 жылғы 8 сәуір 20:21
Бөлісіңіз:
Қазақстанда докторантураға қабылдау электрондық форматта болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Докторантураға қабылдау электрондық форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн-режимде жүргізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да қыс кезінде мектептерде 71 рет сабақ өткізілмеген Асхат Аймағамбетов отандық ғалымдарды кәсіби мерекелерімен құттықтады Докторантурадан кейінгі зерттеулерге арналған гранттар бөлінеді – Асхат Аймағамбетов

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті», - делінген министрлік мәліметінде.

Сонымен қатар, пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден «мөр» мен «қолтаңба» талап етудің қажеті жоқ.

«Мұнымен қоса, енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн-режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді», - деп аталып өткен хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT