+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Қазақстанда дизель тапшылығына байланысты оның бағасы қымбаттауы мүмкін

2021 жылғы 28 қыркүйек 18:21
Бөлісіңіз:
Қазақстанда дизель тапшылығына байланысты оның бағасы қымбаттауы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Qazaq Oil компаниясы дизель отынының бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда көмір мен шикі мұнай өндірісі төмендеді Автобустар тоқтады: Қарағанды облысының әкімдігі дизель тапшылығына түсінік берді Бүгін Қарағандыда қалалық автобустардың үштен бір бөлігі жолға шықпады

«Өкінішке қарай, біздегі дизель бағасы көршілес елдермен сәйкес келмейді. Сондықтан Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк көліктері жанармай бекеттерінен 1000 немесе одан да көп литр сатып алады. Бұл бағаның өсуіне әкеліп отыр»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Qazaq Oil компаниясы қазан айында Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеуге жабылатынын атап өтті.

Сондықтан дизель отынын Ресей Федерациясынан импорттау қажет болады.

Салдарынан бұл жанармай құю бекеттерінде сату бағасының өсуіне әкеледі, өйткені сатып алу бағасы мен оған байланысты шығындарды ескеру қажет.

«Соған қарамастан, дизель отынның жаңа көлемі пайда болған кезде бағаның өзгеруі кезең- кезеңімен болады. Бұл жағдайда бірінші кезектегі міндет - бүкіл тұтынушыларды дизель отынының қажетті көлемімен қамтамасыз ету және барлық міндеттемелерді уақытында орындау кнрек», - деп түсіндірді Qazaq Oil.

Бұған дейін «Helios» компаниясының өкілі Денис Трандафилов дизель отынының қымбаттау себептерін түсіндірген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT