+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қазақстанда діни бағытта «Халық арна» телеарнасы ашылады

2020 жылғы 2 қараша 13:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанда діни бағытта «Халық арна» телеарнасы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халық арна» республкиалық телеарнасы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Пандемия кезінде мүфтият қайырымдылық бағытта бірқатар шаралар атқарды. Сонымен қатар карантин кезінде онлайн насихат жұмыстарының маңызы артты. Дегенмен ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, насихат жүргізу мен ақпарат таратудың телевизиялық тәсілін өзімізден басқаруды ұйғардық. Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз», - делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда арнаға қажетті контентті жинақтау жұмысы аяқталды. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейне-роликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Арнаны «Отау тв» мен «Алма тв» кабельдік желілерінен көруге болады.

Ертең, 3 қараша күні өтетін телеарнаның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Дін   #БАҚ  
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT