Қазақстанда денсаулық сақтау туралы жаңа кодекс əзірленуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі» туралы жаңа кодекс жобасы əзірлену үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз маслихатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мəлім етті.

«Елбасы тапсырмасына сəйкес, осы жылдың басынан «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы жаңа кодексті қайта әзірлеу қолға алынды», -деді денсаулық сақтау вице-министрі.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары жаңа кодексті əзірлеу барысында басты бағыттар ретінде ҚР 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстанның əлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылу жəне «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспары басшылыққа алынғанын айтты. А.Цой бүгінде кодекс жобасының тұжырымдамасы дайын екенін айта келе: 

«Заң жобасы келесі 7 бөлімнен тұрады: жалпы ережелер, қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, білім жəне ғылым қызметі, фармацевтика қызметі жəне дəрі-дəрмек қаражатын қарастыру, адами ресурстар жүйесі жəне денсаулық сақтау саласындағы құқықтық аспектілер»,-деді.

Спикердің айтуынша, əзірлену үстіндегі заңнама ұзақмерзімді, тиімді жəне денсаулық сақтау моделіне толықтай жауап береді.

«Жаңа кодекстің мақсаты - қолданыстағы заңнаманы негізге ала отырып, қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту, медициналық білім беру жүйесін жетілдіру жəне цифрлы жүйеге көше отырып сапалы қызмет көрсету», - деді вице-министр.  

Соңғы жаңалықтар