Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Қазақстанда демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады

2018 жылғы 4 мамыр 12:31 305
Бөлісіңіз:
Қазақстанда демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстанда демалыс және мереке күндеріндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да күн жылынып, қардың еруіне байланысты су деңгейі көтеріледі Наурыз мерекесінде Қазақстанда күн жылы болады

«Алдағы екі тәулікте суық арктикалық ауа ағындары күн райының салқындауына ықпал етеді. Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды», - делінген хабарламада.

Кейін антициклонның келуіне байланысты жауын-шашын тоқтайды. Антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысып, республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды.

9 мамырда көптеген облыстарда күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Тек Қазақстанның қиыр солтүстік аудандарында 8-9 мамырда жаңбыр жаууы ықтимал. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT