Қазақстанда демалыс күндері жауын-шашын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстандағы 11-13 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карск теңізінен көтерілген салқын ылғалды ауа массасының оңтүстікке қарай жылжуының салдарынан Қазақстанның көптеген облысында алдағы күндері жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Синоптиктердің айтуынша, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы нөлден жоғары 5-15, күндіз 15-23 градусқа дейін төмендейді. Батыста күн жауын-шашынсыз, тек кезеңнің соңында ауа ағынының өтуіне байланысты қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, кейін біртіндеп ауа температурасы көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар