Қазақстанда демалыс күндері күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 27-29 қазан күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамына қарағанда тосын келген жылы күндерден соң Қазақстанда ауа райы өзгере бастайды.

Республиканың батысына жеткен суық ауа ағындарымен байланысты белсенді бұлтты массив демалыс күндері шығысқа қарай жылжып, Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасын төмендетеді, соған байланысты біршама өңірде жаңбыр және қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар