Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2018 жылғы 8-10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдің батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалымен жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал Қазақстанның басқа өңірлеріндегі ауа райына Батыс Сібірден ығысқан атмосфералық фронттар әсер етеді. Сондықтан, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы үш тәулік бойы күн суытып, жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы ағымдағы маусым үшін климаттық нормадан 2-4°С төмен болады» делінген синоптиктердің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар