Қазақстанда дельфинарийлер жабыла ма

None
None


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда дельфинарийлер жабылмайды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдени ойын-сауық мақсатында қолданылатын жануарларға қарау мәселесін реттейміз. Оған дельфин жатады. Өкілетті органдарда бұл мақсатта пайдаланылатын жануарларды ұстау тәртібін бекіту бойынша жаңа қызмет пайда болады. Жануарларды ұстау ережесінде стандаттар айқындалады. Яғни, жануарлардың табиғи қажеттілігіне орай олардың өмір сүрулері үшін қолайлы жағдай қамтамасыз етілуі тиіс», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, жануарлардың жай-күйіне қоғамдық бақылау тұрақты жүргізілетін болады. Сонымен қатар ол елімізде дельфинарийлерге мүлдем тыйым салу қарастырылып отырмағандығын айтты.

«Бизнеске бұл бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік болуы үшін жағдай жасаймыз. Екінші жағынан мұндай ұйымдарда жануарлардың толыққанды өмір сүруіне дұрыс жағдай жасалуы керек», - деді Әлия Шалабекова.


Соңғы жаңалықтар