+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Қазақстанда ДДСҰ бағдарламасы бойынша жаттықтырушылардың екінші тобын оқыту басталды

2021 жылғы 22 қыркүйек 19:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ДДСҰ бағдарламасы бойынша жаттықтырушылардың екінші тобын оқыту басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, Алматыда CST бағдарламасы бойынша ата-аналарды дамуында ерекшеліктері бар балаларға күтім жасау дағдыларына оқыту үшін жаттықтырушылардың екінші тобын дайындауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Орындықта ұйықтауға мәжбүр: Елорданың балалар ауруханасындағы жағдайға түсінік берілді 2025 жылға дейін кемінде 20 заманауи аурухана салынады – вице-премьер Атырауда Израильден келген дәрігерлер бір күнде сегіз ота жасады

14 адамнан тұратын болашақ жаттықтырушылардың бірінші тобын оқыту 19-23 шілде аралығында Шымкентте өтті.

Екінші топқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Тараз және Шымкент қалаларынан 21 адам кірді. Қажетті білім мен дағдыларды алғаннан кейін олар отбасыларымен бірге 40 баламен айналысады.

Оқу курсына материалдарды бейімдеу, жаттықтырушыларды даярлау, мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді. Дамуында кідірісі бар, оның ішінде аутистік спектрдің бұзылуы байқалатын 2-9 жастағы балаларды күтіп-бағумен айналысатын адамдар аталған бағдарламаның нысаналы тобы болып табылады. Алайда6 оқу бағдарламасын норматипті балаларға да қолдануға болады.

Курстың мақсаты - ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен келісім мен өзара қарым-қатынасты дамыту, мінез-құлықты басқару дағдыларын жақсарту, бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту.

Сондай-ақ, жоба стресті жағдайларды басқару дағдыларын дамытуды, түйткілдерді шешуді және жалпы ата-аналардың әл-ауқатын жақсартуды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, CST (CaregiverSkillsTrainingforFamiliesofchildrenwithdevelopmentaldisoders) – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.

Бағдарламада мінез-құлықты қолданбалы талдау, даму туралы ғылым, әлеуметтік коммуникация іс-шаралары, оң тәрбие және өзіне-өзі қызмет көрсету әдістері қағидаттары қолданылады.

Сонымен қатар, бағдарламада нақты жағдайда не істеу керек, жақын болашақта қандай міндеттер межелеген абзал сияқты ересек тарап пен баланың өзара әрекеттесуінің қадамдық стратегиялары бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT