Қазақстанда дәрігерлерге қаралу 20 пайызға қымбаттаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тамыз айындағы көрсеткіштер бойынша Қазақстанда дәрігерлерге қаралу жыл басынан бері 20 пайызға қымбаттады.

 Нақтырақ айтқанда, анализдер  10-11 пайызға УДЗ (УЗИ) 13 пайызға қымбаттады, деп жазады мамандар ranking.kz сайтында. 

Медициналық қызметтер негізінен Алматы мен Астанада қымбаттаған.

«Жаз мезгілінің соңында дәрігерге қаралу Қазақстан бойынша 2041 теңге болған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға қымбат. Дәрігерге тексерілу ел бойынша алматылықтар үшін қымбатқа түскен (3677 теңге). Ең арзан емделгендер қарағандылықтар болып отыр. Оларда -  1253 теңге. Қостанайда айтарлықтай қымбаттаған, сәйкес кезеңмен салыстырғанда баға 56,9 пайызға артып, 2413 теңгеге жеткен», делінген хабарламада.

Медициналық орталықтар 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында қазақстандықтарға 238,7 млр теңгенің медициналық қызметін көрсеткен. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезңімен салыстырғанда 19,2 пайызға (38,5 млрд) артық. Бұл салада өсім көрсеткіші Алматыда байқалған.

Ауруханаларда 134 млрд теңгенің медицинадық қызметі көрсетілген. Соның ішінде, 34,7 млрд теңге ота жасау бөлімдерінің еншісінде. Ал 11 пайызы гинеколог мамандарға тиесілі. 

null null 

Соңғы жаңалықтар