Қазақстанда дәрігерлерге арналған кәсіби әлеуметтік желі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда дәрігерлерге арналған әлеуметтік желі пайда болды. Ол мамандарға елдің түкпір-түкпіріндегі әріптестерінен кеңес алып, белгілі бір тақырыптарды талқылауға қатысуға, ақпаратпен алмасып, мақала, ғылыми материалдарын жариялауына мүмкіндік береді. Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айта кетейік, отандық дәрігерлерге арналған «еdariger.kz.» әлеуметтік желісі шетелдік «врачи РФ», «мedрublika.ru», «еvrika.ru», «israeldoktor.com», «medcitynews.com» сынды порталдарына ұқсас. Кәсіби әлеуметтік желінің жұмысы жақында ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығына берілді.

Интернет-ресурс дәрігерлердің кәсіби біліктілік санатын алу кезіндегі мақалалар жариялауына мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр. Себебі мамандардың жазған мақалалары сайтта тегін жарияланып, қоғам назарына ұсынылмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік желінің тек дәрігерлер үшін ғана емес, халық үшін де пайдасы зор. Олай дейтіні, кез келген адамдар медициналық ұйым, дәріхана мен елімізде тіркелген дәрі-дәрмектер жайындағы ақпаратты аталмыш сайттан таба алады.

Соңғы жаңалықтар