Қазақстанда дәрі-дәрмектерді жарнамалауға тыйым салынбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы концепциясының кейбір ережелері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Донорлық органдарды жарналамауға тыйым салынады. Жаңа кодекс жобасында бірқатар тыйым салатын нормаларын қарастырмақпыз. Бұл ең алдымен, жарнамаға қатысты. ДДСҰ және басқа ұйымдардың зерттеулері бар. Ондай жарнамаларды қарау адам денсаулығына зиян тигізеді», - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Жаңа кодекс және оған қатысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында дәрілік заттарды жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін.

«Жарнама адам писхикасына әсер етеді. Шындығында, белгілі ережелер бар. Бұл антибиотиктерге де қатысты. Оларды шамалан тыс қабылдау адам денсаулығына қауіпті. Екіншісі - темекі тарту. Фильмдерде. Жасқа қатысты шектеу тек фильмнің басында ғана шығады, ал темекі тартатын сәттер фильмнің ортасында немесе соңында да болады», - дейді Б. Төкежанов.

Соңғы жаңалықтар