Қазақстанда дәрі-дәрмекпен қамту көлемі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Ауруханаларда да, емханалар да екі айлық қор жеткілікті. 2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап дефицит жағдайында дәріханаларға тарату үшін 10 миллион медициналық маска сатылып алынды», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр жергілікті атқарушы органдар жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қорын сатып алып қойғанын хабардар етті. Оған қосымша 400 мыңға тарта бір реттік қорғаныс костюмінің резерві жиналған. Олардың бәрі де «СК-Фармация» ЖШС хабтарында сақтаулы тұр.

Еске сала кетсек Алексей Цой «Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе» деген сұраққа жауап берген болатын.


Соңғы жаңалықтар