Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 18 пайызға қысқарған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 36,1 млрд теңгеге немесе 18,2%-ға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom ресурсына сілтеме жасап.

2021 жылы фармацевтикалық компаниялар 198,7 млрд теңгеге өнім шығарса, өткен жылы ол 162,6 млрд теңгеге азайған.

Дәрі-дәрмек өндіру 4,5% және фармацевтика саласында өзге де өндіріс 61,1% кеміген.

Сондай-ақ, өндірістің азаюы коронавирусқа қарсы фармацевтикалық өнімдерді ауқымды көлемде шығаруды тоқтатумен байланысты.

Бұл ең алдымен, «Спутник V» вакцинасына қатысты. Екпені Қарағанды фармацевтика кешені өндірді.

Аталған мемлекеттік тапсырыс Қарағанды облысының 2021 жылы дәрі-дәрмек өндірісі бойынша көшбасшылар үштігіне кіруіне себеп болды.

Сол кезде өңірдегі өндірістің жалпы көлемі 47,6 млрд теңгеге жетті. 2022 жылы вакцина шығару аяқталғаннан кейін көрсеткіш 2,5 есе немесе 19,1 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Нәтижесінде аталған өңір фармацевтикалық аймақтар тізімінде төртінші орынға жылжыды.

Дәрі-дәрмек өндірісі бойынша көшбасшылар үштігі өткен жылды жақсы динамикамен аяқтады.

Атап айтқанда, Шымкентте 57,6 млрд теңгеге (плюс 13%) дәрі-дәрмек өндірілді.

Одан әрі Алматы облысының фармацевтикалық кәсіпорындары 39,5 млрд теңгеге (плюс 39,2%) және Алматы қаласы 18,7 млрд теңгеге (плюс 16,2%) өнім шығарды.

Сонымен қатар, өткен жылғы статистика дәрі-дәрмек бойынша импорт көлемінің артқанын көрсетіп отыр.

Былтыр қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстан шамамен 1,4 млрд АҚШ доллары сомасына 26,4 мың тоннадан астам дәрі-дәрмек сатып алды.

Физикалық көлем жағынан да (21,8%) және құндық мәнде де (25%) өсім байқалды.

Proxima Research Inretnational халықаралық талдау компаниясының мәліметіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда дәрі-дәрмекті тұтыну көлемі 1,3% немесе 626 млн-нан 618 млн қаптамаға дейін азайған.

Көрсеткіштің төмендеуі мемлекеттің медициналық мекемелерге дәрі-дәрмекті аз көлемде сатып алуымен байланысты.

Бұл өз кезегінде Қазақстанның орталықтандырылған дәрі-дәрмекті сатып алудың бірыңғай операторына 52 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге көмектесті.

Мәселен, өткен жылы мемлекеттік шығындардың жалпы сомасы 336 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13,4% аз.

Ал бөлшек саудада ешқандай өзгеріс байқалмады. Халықтың дәрі-дәрмекті сатып алуы азайғанына қарамастан, өткен жылдың қорытындысы бойынша баға 9,3% өсті.

Қазақстандағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, нарықтың бөлшек сегменті көлемінің ақшалай түрде ұлғаюы көбіне инфляцияға байланысты.

Жалпы былтыр қазақстандықтар дәрі-дәрмекке мемлекетке қарағанда әлдеқайда көп ақша жұмсаған. Нақтырақ айтқанда, 527 млрд теңге.

Пандемияның екінші жылы дәріханалар 482 млрд теңге табыс тапқан.

Отандық Шымкент Santo және Алматы Nobel фармацевтикалық зауыты дәрі-дәрмек жеткізу бойынша үздік ондықтың қатарына кірді.

Шымкент Santo бір жыл ішінде 28,7 млрд теңгеге өнім сатып көшбасшы атанса, Nobel 16,4 млрд теңге көрсеткішімен алтыншы орынға орналасқан.


Соңғы жаңалықтар